"Қазақтар маған бөтен емес". Қадыров кешірім сұрады

"Қазақтар маған бөтен емес". Қадыров кешірім сұрады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақ халқына тіл тигізгені үшін кешірім сұрап telegram-арнасында видео жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Ол кейбір хайп қуған блогерлер сөздерін бұрмалап, ортаға от салғанын айтты.

"Ассалаумағалейкум, құрметті достар мен бауырлар! Менің айтпаған сөздерімді айтты деп, айтқан сөздерімді бұрмалап жібергендерге қатты ренжідім. Маған Қазақстан, қазақ халқы бөтен емес. Менің қазақилық деңгейім кейбіреулерге қарағанда жоғары. Әкем Қазақстанда дүниеге келген. Атам Қазақстанда жұмыс істеген. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен қазақ халқы туралы жаман сөз айтқан жоқпын. Айтылған сөздерім саясатқа қатысты", - деді Рамзан Қадыров.

Сондай-ақ, осыған дейін қызу талқыға түскен видеодағы әңгіме халық туралы емес, саясат, ҰҚШҰ, мемлекеттің саяси ұстанымы туралы болғанын айтты.

"Мен қазақ халқын жақсы көремін. Біз бауырмыз. 1944 жылы шешендермен соңғы нанын бөлісіп жеген қазақтар туралы жаман сөз айтуға өзіме де, өзгеге де жол бермеймін", - деді Шешенстан басшысы.

Қадыров видео соңында бауырлас болып қалуға шақырды.

Г. Досымшалова