Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы
Фото: bilimdinews.kz

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қазақ тіліне негізделіп жасалған латын қарпінің жаңа нұсқасы жасалып шықты. Бұл нұсқа "Ашық НҚА" сайтында қоғам талқысына ұсынылды. Жобаны әзірлеген – Білім және ғылым министрлігі.

"Ашық НҚА" сайтында "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы" президент жарлығының жобасы жарияланып, қоғам назарына ұсынылды.

"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлық арқылы бекітілген Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, - деп көрсетілген құжат жобасында.

Жобада қазақ тіліне лайықталып жасалған, қоғам назарына ұсынылған нұсқасы - мынау.

"Жарлық жобасы қазақ тілінің латын графикасына негізделіп жетілдірілген әліпбиін бекітуді көздейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақ тілінің емле ережелерін бекіту бойынша өкілеттік береді", - делінген құжатта.

 

Құжат қоғамдық талқылауға 2021 жылы 6 мамырға дейін талқылау ұсынылған

Қ. Слямбек