2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?

2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың өндірістік күнтізбесін жариялады. Соған сай аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 120 күн, алты күн жұмыс істейтіндер 68 күн демалады. 

Ең ұзақ демалыс наурыз бен желтоқсан айында болмақ. Қаңтар айының басында қазақстандықтар төрт күн демалады. 1-2 қаңтарда Жаңа жылға байланысты демалыс болады. Ал 2 қаңтар сенбіге түсіп тұрғандықтан 4 қаңтар (дүйсенбі) да демалыс болып жарияланды. Одан кейін қазақстандықтар екі күн жұмыс істеп, Рождество мерекесіне орай 7 қаңтарда тағы демалады.

Наурызда қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. Осының өзі 12 күн болып тұр. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс 24 наурызға ауысады.

Мамырда үш мемлекеттік мейрам бар. 1 мамыр күні – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

Бұл айда екі мереке демалысқа түсіп отыр, 1 мамыр сенбіге, ал 9 мамыр жексенбіге тура келеді. Соған байланысты екі мерекеден кейінгі дүйсенбіде демалыс беріледі. Осылайша, мамырда қазақстандықтар 13 күн демалады.

Шілдеде екі мейрам өтеді. Бірі – мемлекеттік, екіншісі – діни мереке. 6 шілдеде (сейсенбі) астана күні тойланады. Оған дейін 3 шілде (сенбі) жұмыс күні болады да, 4 шілдеден (жексенбі) бастап қазақстандықтар үш күн (4, 5 және 6 шілде) қатарынан демалады. Ал 2021 жылы Құрбай айттың алғашқы күні 20 шілдеге тура келді.

30 тамыз – Конституция күні қарсаңында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер тағы үш күн (28, 29 және 30 тамыз) қатарынан демалады.

Желтоқсанда екі мейрам бар. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні, ал Тәуелсіздік мерекесінде 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері қатарынан демалыс беріледі.

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ресми демалыс күні жарияланады. Мереке демалыс күніне тура келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып бекітіледі.

Massaget