Tengrinews.kz жылдың үздік жаңалықтар порталы атанды

Tengrinews.kz жылдың үздік жаңалықтар порталы атанды

Бүгін "Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Сыйлық 11 номинация бойынша табысталып, жеңімпаздар 1 миллион теңге сыйақыға ие болды. Қазылар алқасы жылдың үздік жаңалықтар порталы ретінде Tengrinews.kz басылымын таңдады.

"Ең алғашқы мақаламызды 2010 жылы жариялап, содан бері осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Сондықтан бізге осындай құрмет көрсеткендеріңізге алғыс айтамыз. Бұл – бүкіл редакцияның жетісітігі, сол себепті осы сәтті пайдаланып редакцияға рахметімді айтамын. Жетістіктерге жете берейік!", - деді Effective Media Liaison холдингінің басшысы Сұңқар Қарабалин.

Сұңқар Қарабалин

Марапаттау рәсімінде сонымен бірге 11 номинацияның жеңімпазы мен арнайы сыйлық иегерлері анықталды.

"Үркер" сыйлығы 2017 жылдан бері баспа, радио және интернет-журналистикадағы үздік жұмыстарға, редакцияларға беріліп келеді. Биыл байқауға 470 өтінім түскен.

Massaget