Қазнетте photooner.kz сайты пайда болды

Қазнетте photooner.kz сайты пайда болды

Республикалық "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің Photooner.kz сайты қайта іске қосылды. Бұған дейін жұмысы тоқтап тұрған сайтқа жаңа айдарлар қосылған. Сайт мақсаты – Қазақстандағы фотография саласын дамыту.

Бүгінгі күні, еліміздегі жалғыз ғана фотография саласындағы қазақ тілді қоғамдық бірлестіктің сайты болғандықтан сіздердің жанашырлық танытып,саналы да сапалы, мәнді де мағыналы дүниелер жариялануына,бізбен  бірге атсалысуларыңызды сұраймын", - дейді бірлестік төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы.

Сайтта бірнеше бөлім бар. "Фотоқазына" бөлімінде "Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері", "Қазақ фотошежірешілері" және "Ғасырдың көзі" атты фотоэнциклопедияларының  тарихи суреттерін ұсынады. "Суреттер сөйлейді" бөлімінде түрлі фотожанрдың қыр-сырымен танысуға болады. Сонымен бірге оларды практикада қолдану үшін шеберлік сабақтары бар.

 
Massaget