i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова ата-ана мен бала арасындағы манипуляцияны қалай анықтап, ажыратуға болатынын айтады, − деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған еді. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 11 маусым сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Махаббат пен манипуляцияның айырмашылығы" туралы әңгіме өрбітеді.
Марина Таргакова - қарым-қатынас бойынша бірнеше кітаптың ("Окна в мир ребенка", "Сильная слабая. Как перестать сражаться и научиться любить?" және тағы басқа) авторы, Razum Life қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Джон Фэйворс атындағы қолданбалы рухани технологиялар институтының Орталық Азиядағы бөлімшесінің директоры, "Брант" медициналық корпорациясының президенті.
Қазақстандағы гуманистік педагогика орталығының жетекшісі, Шалва Амонашвилидің басшылығымен жұмыс істейтін халықаралық гуманистік педагогика орталығының вице-президенті. 2015 жылы "Гуманистік педагогиканың батыры" атағын алды.
Әлемнің түрлі елінде қарым-қатынас педагогикасы мен психологиясы бойынша семинар, тренингтердің авторы және жүргізушісі.
Жүргізуші - журналист, "Медиа дамыту қоры" КҚ бас директорының орынбасары Махаббат Есен.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасында көруге болады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких.