Бүгін, 7 мамыр сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында Наталья Ремиш оқырмандардың сауалына жауап береді.
Артынша сағат 20:30-да жазушы "Балалардың эмоционалдық дамуы" туралы айтады. Тікелей эфир Tengri-TV-дің YouTube-арнасында және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында өтеді.
Көкейде жүрген сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Оған жауапты тікелей сарапшы береді.
Наталья Ремиш – жазушы, продюсер, "Просто о важном. Про Миру и Гошу" жобасының авторы. Амстердамда тұрады, төрт баланың анасы.
Жүргізуші-журналист, "Медиа дамыту қоры" КҚ бас директорының орынбасары – Махаббат Есен.
I-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал психология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психология ғылымдарының кандидаты Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдарын айтып берді.
I-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Сондай-ақ психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал туралы әңгімеледі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсен және жексенбі болады. Көкейде жүрген сұрақтарыңызды пікір ретінде қалдыра аласыздар. Оған жауапты тікелей сарапшы береді.