- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Психолог Гули Базарова...
Психолог Гули Базарова i-balaqai эфирінде қонақта болады
i-balaqai жобасының тікелей эфирінде психолог Гули Базарова көрермендерге күш қуатты жоғалтпаудың амалын айтып береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund қатысуымен i-balaqai жаңа жобасын қолға алған болатын. Жоба серіктесі - Altel мобиль операторы. Шетелдік және қазақстандық психолог, педагог, балалар денсаулығы жөніндегі мамандар мен басқа да белгілі сарапшылардың сұхбатында көрермендер мен оқырмандар бала тәрбиесі, білім беру және өзін қызықтыратын сауалдарға жауап ала алады.
Онда спикерлер онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді. Тікелей эфир аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері сағат 20.00-де Instagram-дағы Tengrinews.kz парақшасында шағады.
I-balaqai жобасының екінші шығарылымы 19 сәуірде сағат 20.00-де өтеді. Тікелей эфирде психология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институтының жанындағы Практикалық психология мектебінің директоры, Сколково әйелдер қауымдастығының президенті Гули Базарова жүргізуші Махаббат Есеннің сұрақтарына жауап береді.
Психолог төтенше жағдайда әйелдің үйдегі рөлі қандай екенін, сондай-ақ қатыгез анаға айналмау үшін жасалатын тәсіл, тәжірибе жайлы айтады.
"Карантинде ана болу дегеніміз не? Психолог, мұғалім, аспаз, аниматор, гувернант, тәлімгер, бұрынғыша мейірімді және сүйікті адам болу - және бұл тек бала үшін! Ал әке, отбасы және басқа да жауапкершілік аймақтарын ешкім ұмытқан жоқ. Мұның бәріне күш пен даналықты қайдан алуға болады? Қазір заманауи Мэри Поппинс - Гули Базаровамен тілдесу артық болмас. Instagram-да тікелей эфирде Tengrinews.kz парақшасында талқылайық", - деді журналист, "Медиа дамыту қоры" КҚ бас директорының орынбасары Махаббат Есен.
Гули Базарова, сондай-ақ, өзгерістерді бастан кешіп, жаңа деңгейге көшкен топ-менеджерлермен жұмыс істеу үшін құрылған тренинг-консалтинг компаниясының құрылтайшысы, Ресейде жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған "БереZка" бизнес-форумының бас продюсері және өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарды психологиялық қолдау орталығының басшысы.
Эфирдің видео жазбасын YouTube-те TengriTV арнасында көре аласыз. Сондай-ақ, оқырман, көрермен және тыңдармандар сұхбат фрагменттерін Massaget.kz сайтынан, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанциясынан және 7 арнаның YouTube-тегі арнасында таба алады.
Сонымен қатар, i-balaqai подкасттарын "ВКонтакте" және "Яндекс.Музыка" желілерінен тыңдай аласыз.
i-balaqai жобасы аясында сізді түрлі подкаст, пайдалы мақалалар мен видео және тағы басқалар күтеді.
I-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмір қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керектігі туралы ой бөлісті.