Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 700-ден асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 700-ден асты
Фото: freepik.com

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 сәуірдің 21:15 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 3 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 43 адам, Атырау облысы - 36 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 23 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 6 адам, Қызылорда облысында - 76 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 718 науқас тіркелді", - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметінің хабарламасында.

А. Жапатова