Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілгені себепті арнайы брифинг өткізді. Министр өз өңірлеріне қайтқан азаматтар жаңа жол картасы арқылы өңірлерінде жаңа жұмыспен қамтылатынын айтты.
Ел президентінің тағы бір тапсырмасы жұмыспен қамту картасына қатысты. Министр елімізде жаңа жұмыспен қамту картасы әзірленіп, оған 1 триллион қаражат бөлінгенін атап өтті.
Біржан Нұрымбетов: "Бейресми жұмыс істейтіндер де 42,5 мың теңге алады"
"Сол қаражаттың есебінен елімізде 7 мыңнан астам жобалар іске асырылады. 240 мыңанан астам жұмыс орындары болады. Кеше президент осы "Нұр-сұлтан қаласына, Алматы қаласына, Шымкент қаласына шеттен, өңірден келген жастар қаланың сыртында, қалаға кіре алмай жұмыссыз қалды" деген мәселеге ерекше көңіл бөлді. Президенттің тапсырмасы бойынша өз өңірлеріңізге қайтып жұмыспен қамту картасындағы жобаларға қатысатын болсаңыздар сіздерге жаңа жұмысқа кіріскен күні көтерме өтемақы 85 мың теңге көлемінде төленетін болады. Ол жалақыға қосылмайды. Көтерме кіріспе ақы. Одан кейін жұмысыңызды бастап ай сайынғы жалақыңызды аласыз. Жол картасы бойынша жалақыңыз да 85 мыңнан төмен болмайды. Бұл жөнінде тиісті мамандар, әкімдер сіздерді күтеді. Тапсырма барлық өңірлерге берілді. Жұмыспен қамту картасына жұмыспен қамту орталықтары арқылы шақырыласыздар. Сондықтан, жастар, азаматтар өз өңірлеріңізге қайтқан болсаңыздар жұмыспен қамту картасы арқылы осындай ұсыныстар сіздерге ұсынылады", - деді министр Біржан Нұрымбетов.
Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекке жүгіне алатын адамдардың тізімін кеңейтуді тапсырған болатын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирусқа байланысты төтенше жағдайда 42,5 мың теңгені кімдер алатынын атап өтті. Осыған байланысты ертең 2 сәуірде жаңа сайт ашылады. Компьютері мен ноутбогы жоқ адамдарға арнайы Telegram бот іске қосылады. 42,5 мың теңге төлеуге өтініш білдірген азаматтар өтініштерін осы жерде бере алады.
Бұл туралы толықрақ "Біржан Нұрымбетов: "Бейресми жұмыс істейтіндер де 42,5 мың теңге алады" атты мақаламыздан оқи аласыздар.