Біржан Нұрымбетов: "Бейресми жұмыс істейтіндер де 42,5 мың теңге алады"

Біржан Нұрымбетов: "Бейресми жұмыс істейтіндер де 42,5 мың теңге алады"
Фото: primeminister.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов індет себепті жұмысынан айрылғандарға берілетін 42,5 мың теңге алатындарға байланысты арнайы брифинг өткізді.

Министр арнайы брифингте АӘК және арнайы берілетін 42,5 мың теңге  жәрдемақыға бірқатар өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Олар:

gfss.kz сайты жаппай қолданыстан кідіріске байланысты Қазақстанда 42,5 мың теңге алатын арнайы сайт іске қосылады.  

Минстрдің айтуынша, сарапшылар сайтты әзірлеуді бүгін кешке аяқтайды және ертең, 2 сәуірде сайт іске қосылады.

"Біз осы 42,5 мың теңге жәрдемақы төлейтін сайтты аштық. Азаматтар осы сайтқа әлеуметтік төлемдер алуға өтініштерін жібереді, мәліметтерін толтырады. Олар ЭЦҚ арқылы қолдарын қоймайды, олардың ұялы нөмірлеріне арнайы SMS пароль келеді", - деді Нұрымбетов.

Компьютері немесе ноутбугі жоқ адамдар үшін арнайы Telegram бот іске қосылады. 42,5 мың теңге төлеуге өтініш білдірген азаматтар өтініштерін осы жерде бере алады.

"Біз қай сайт туралы және оны қалай қолдану керектігі туралы министрліктің сайтында және Facebook-тің ресми парақшасында жариялаймыз", - деп толықтырды Біржан Нұрымбетов.

Оны алатын азаматтар ИИН мәліметтер мен есепшотын және өтінішін дұрыс толтыру қажет.

Министр бейресми жұмыс істейтіндер де 42,5 мың теңге ала алатындарын атап өтті.

Кеше президент өз сөзінде ондай азаматтар да 42,5 мың теңге алатынын айтқан. Ол үшін аталған азаматтар рәсімделуі керек. Ол үшін біріңғай жиынтық төлемді (ЕСП) бір рет төлеу жеткілікті.

"Қалалық тұрғындар үшін 2651 теңге, 1325 теңге ауыл тұрғындары үшін. Осыны бір рет төлесеңіз ай сайын 42,5 мың теңге алатын боласыз", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ол төлемді қалай төлеу керек?

Біраз банктерде мобилдік қолданба бар. Мысалы, Халық банк, Forte bank, kaspi bank, jusan bank, банк центр кредит т.б.

"Осы банктер арқылы біріңғай жиынтық төлемді аударуға болады немесе смс арқылы төлем жасауға болады", - деді министр.

Біржан Нұрымбетов аталған азаматтарға арнайы GORODESP ИИН (қала тұрғындары үшін) және SELOESP ИИН (ауыл тұрғындары үшін) ЕСП  үшін біріңғай жиынтық төлем ашылғанын хабарлады.

"Аталған хабарламаны телефоннан 5505 нөміріне смс арқылы жолдау керек. Қажетті сумма сол жерден алынады. Осыдан соң 42,5 мың теңге алуға болады. Ол 3 күн мерзімде есепшоттарыңызға түседі", - деді министр.

Жұмыстан шығып қалған азаматтар себебіне қарамастан мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 айға дейін өздерінің жалақысының 40 пайызын төлем ретінде алатын болады.

"Ол үшін egov.kz-те жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс іздеуші деген жерге тіркелесіз. 3 күннен кейін сізді міндетті түрде жұмыссыз ретінде тіркейді. Осыдан соң сізге автоматты түрде жұмысынан айрылған азамат ретінде жәрдемақы тағайындалып, сізге төленетін болады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Министр 3 күн мерзім берілуінің себебі осы аралықта жұмысынан айрылған адам басқа жұмыс іздеп көруге мүмкіндігі болатынын атап өтті.

"Қазіргі карантин жағдайында қайда жұмыс бар?" деген сұрақтар қойылып жатады. Біз наурыз айының өзінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 12729 адамға қашықтықтан істейтін жұмыс таба білдік. Оның ішінде карантин қалаларында 2331 адам қашықтан электрон өтініш арқылы жұмыс таба алды", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ал егер жұмыссыз ретінде тіркелген азамат бұрын еш жерде жұмыс істемеген болса, оларға көмек ретінде азық-түлік топтамасы берілетін болады.

"Осыған байланысты президент оны алатын азаматтардың санатын белгілеуді тапсырды. Оны АӘК алып жүрген барлық көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар, мүгедек жанның асыраушылары және жұмыссыз азаматтар алады. Жалпы, ай сайын еліміздегі осындай 1,5 миллион адамға АӘК беріледі", - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекке жүгіне алатын адамдардың тізімін кеңейтуді тапсырған болатын.

Т. Раушанұлы