Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қытай ғалымдары коронавирусты емдеудің тағы бір тәсілін тапты

Қытай ғалымдары коронавирусты емдеудің тағы бір тәсілін тапты

Қытай ғалымдары коронавирусты емдеудің тағы бір тәсілін тапты

Гонконг Университетінің ғалымдары коронавирустан емделудің тағы бір амалын тапты. Қытай ғалымдарының айтуынша, инфекциямен күресу үшін коронавирусты жұқтырған адамның қан сарысуын алып ауырып жатқан адамға егу қажет. Өйткені бұрын ауырған адамның қанында коронавируспен күреске түскен антитела болады. Мұны Lenta.ru хабарлады. 

Қытайдың микробиологтары адам ағзасында ACE2 ақуызына ұқсас ақуыз құрылымы бар сириялық алақоржындарға (хомяк) тәжірибе жасаған. Ақуыз коронавирусты адам ағзасына апаратын рецептор болғандықтан, адаммен ұқсас ақуызға ие жануарға тәжірибе жүргізілген.

Коронавируспен ауырған алақоржындардың жағдайы басында ауыр болған. Өкпесі мен кеңірдегі қабынып, асқазаны ауырып, иммунитеті әлсірей бастаған. Кейін иммунитеті мықты бірді-екілі кеміргіш аурудан жазылып, сауыға бастаған көрінеді. Сауыққан алақоржынның қанында вирусқа қарсы тұрар антитела түзілген.

Кейін ғалымдар коронавируспен ауырған алақоржынның қан сарысуын алып, сау алақоржындарға егіп ауру жұқтырған. Ал олар болса, бұрын ауырған алақоржындар сияқты көп қиналмаған, тез жазылып кеткен. Осыдан ғалымдар адам ағзасының өзі коронавирусқа қарсы иммунитет түзетінін әрі одан пайда болған антителаның емге қолдануға болатынын байқаған.

Эксперимент барысында жануарлардың коронавирусты бір-біріне жұқтыратыны да белгілі болды. Бір торда жүрген алақоржындардың барлығы ауруға шалдыққан екен.

Қазір тәжірибе жасаған ғалымдар тобы Этика жөніндегі медициналық комитеттің жауабын күтіп отыр. Егер комитет рұқсат берсе, онда адамдарға тәжірибе жасалмақ.

Бұған дейін қытай ғалымдары коронавирусты «Мефлохин» дәрі-дәрмегі арқылы емдеуге болатынын дәлелдеген еді. Қытай мен Франция коронавирусқа шалдыққандарды осы препаратпен емдеп жатыр.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: medica.ua
Қосылған күні: 01 сәуір, 13:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->