Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 15 адам болды

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 15 адам болды
Фото: inform.kz

Елордада тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты ресми ақпарат берді.

«Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. Нәтижесінде 15 адам: Нұр-Сұлтан қаласында 13, Алматы қаласында 2 адам», - делінген хабарламада.

А. Жапатова