ЭЦҚ-ны енді үйде отырып алуға болады

ЭЦҚ-ны енді үйде отырып алуға болады
Фото: wwss.kz

Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ үйден ЭЦҚ (ЭЦП) ала алады. Мұны Tengrinews.kz хабарлады.

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, елде коронавирустың тарау қаупі туындағандықтан, қызмет көрсету орталықтары осындай қадамға барған. Мұны министр Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Әрі азаматтарды құжаттарын онлайн режімде рәсімдеуге шақырды.

- Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы онлайн көрсетіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келудің қажеті жоқ. Қазір мемлекеттік мекемелер төлқұжат, паспорт ауыстыру, жәрдемақы алу, ЗАГС тіркеу мен төлеу сынды қызметтерді онлайн жасауға көшуде. Мобильді қосымша арқылы жүргізуші куәлігі, техникалық құжат, азаматтық хал-жағдай жайлы актісін алуға болады. Бұлар қазақстандықтар көп жүгінетін қызметтер, - деп жазды министр.

Министрдің жазуынша, жақын уақытта қазақстандықтар электрондық цифрлық қолтаңбаны үйде отырып ала алатын болады. Қазір мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары жасалуда.

ХҚКО-ның 1414 call-орталығының да қызметі күшейтілмек. Қазақстандықтарға онлайн құжат берудің амалдары барынша жолға қойылмақ.

Қ. Слямбек