- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны тағы 14 адамға көбейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.
"Бұған дейін сіздерге Алматыда коронавирус бойынша қосымша үш жағдай тіркелгені хабарланған еді. Енді Нұр-Сұлтанда тағы 14 жаңа дерек тіркелді", – деді министр онлайн брифингіде.
Осылайша, Қазақстан территориясында Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 27-ге жетті.
Біртановтың айтуынша, пациенттер және олармен қарым-қатынаста болғандар түгел карантинге жатқызылып, оқшауланды. Елжан Біртанов халықтан сабыр сақтауды сұрады.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның алдын алу үшін негізгі 5 шараны қолдануға кеңес береді:
• қол мен бетті сабындап жиі жуып тұру;
• қолға спирт антисептик пайдалану;
• адам көп шоғырланған жерден аулақ болу, көшеде адамдардан 1 метр алыс жүру;
• ауырып жүрген адамдармен қатынасқа түспеу;
• инфекцияның симптомдары (дене температурасының көтерілуі, мұрын біту, жөтелу, тамақ ауыруы) байқалған жағдайда жедел жәрдем шақыру.