Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / "Егемен Қазақстан" газетінің редакциясы болған ғимаратқа ескерткіш тақта орнатылды

"Егемен Қазақстан" газетінің редакциясы болған ғимаратқа ескерткіш тақта орнатылды

Биыл "Егемен Қазақстан" газетіне — 100 жыл. Осыған орай Алматы қаласында 1987-1999 жылдар аралығында "Егемен Қазақстан" газетінің редакциясы орналасқан ғимаратқа ескерткіш тақта орнатылды.

Аталған шараға редакцияда қызмет еткен журналистер қауымы қонақ болды. Ескерткіш тақтаның ашылуында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Жалбақұлы тарихы терең басылымды мерейтойымен құттықтай отырып: "Санаулы күндерден кейін еліміздің бас газеті өзінің ғасырлық мерейтойын өткізеді. Осыған орай, еліміздің әр аймағында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр."Егемен Қазақстан" газетінің ғасырлық тарихында Алматы қаласының орны бөлек. Басылым ұжымы біздің Алматымызға 1929 жылы Қызылордадан толық көшіп келді. Содан бастап, 70 жылдай "Егемен Қазақстанның" редакциясы  біздің алып шаһарымызда орналасып жұмыс істеген. Сондықтан, Алматы төрінде осынау ескерткіш тақтаның ашылуы – тарихи заңдылық қана емес, азаматтық парызымыздың дәлелі. Дәл осы ғимаратта 1987 жылдан бастап 12 жыл тұрақтаған бас газетіміз елдіктің сөзін айтты"–​ деді.

"Бүгінгі ескерткіш тақта арқылы Алматы шаһарының келбетіне тағы бір келісті бояу қосылды деп есептейміз. "Егемен Қазақстанның" ғасырлық тойы құтты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміз ғасырларға ұлассын!"— деді әкім орынбасары.

"Егемен Қазақстан" тарихы 1919 жылдан бастау алады. Алғаш рет 17 желтоқсанда Орынборда "Ұшқын" газеті болып жарыққа шығады. Одан кейін газеттің аты бірнеше рет өзгерді. Басылым 1920 жылы "Еңбек туы", 1921 жылы "Еңбекші қазақ", келесі жылы "Еңбекшіл қазақ", 1932 жылы "Социалды Қазақстан" деген атаумен шықты. Ал 1937 жылы "Социалистік Қазақстан" болып өзгерілді де, осы атпен ол 54 жыл бойы жарық көреді. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап, басылым атауы "Егемен Қазақстан" болып өзгерді.

Алғашқы тарихынан бастап басылымда қазақ ұлтының ірі мемлекет қайраткерлері мен көрнекті қаламгерлері қызмет еткен. Газетке басшылық етіп, өздерінің шығармаларын жариялады. Олардың қатарында Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов сияқты тұлғаларды атауға болады. Жаңа дәуірде "Егемен Қазақстанды" Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Сауытбек Әбдірахманов сияқты қаламгерлер басқарды.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 08 қараша, 15:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.