Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Жалдамалы пәтер алған жастар басқа бағдарламаларға қатыса ала ма?

Жалдамалы пәтер алған жастар басқа бағдарламаларға қатыса ала ма?

Жалдамалы пәтер алған жастар басқа бағдарламаларға қатыса ала ма?

Жастар жылы аясында жастарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған жобаның бірі – 29 жасқа дейінгі жастарға арзан бағада жалдамалы пәтер беру. Бағдарламаға кімдер қатыса алатынын және пәтерді қалай алуға болатынын осыған дейін жазған едік. Бұл мәселе бүгін елорда әкімдігінің баспасөз орталығындағы брифингте көтеріліп, Жастар және отбасы істері бойынша комитет төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов жалдамалалы пәтер алған жастар басқа бағдарламаларға қатыса алмайтынын айтты.

"Осы бағдарлама арқылы жастар жалдамалы үйді алып жатса, ол үміткер баспана бойынша екі тізімде бола алмайды. Яғни, ол баспана бойынша басқа кезектен шығарылады. Жалдамалы үйге ие болған азамат "7-20-25" секілді немесе басқа да әкімдіктің бағдарламасында тұрса, олардан автоматты түрде алынып қалады. Тек бір тізімде болады", - деді Шахмардан Байманов.

5-10 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы жалдамалы пәтер алуға ниетті жандардың өтініштері қабылданады. Өтінішті тек электронды форматта, Smart Astana порталы арқылы өткізу керек.

Нұр-Сұлтанда биыл бір және екі бөлмелі 1050 пәтер беріледі (30-70 шаршы метрге дейін). Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, жастарға 202 екі бөлмелі және 848 бір бөлмелі пәтер тапсырылады.

Айта кетейік, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы бұйрық берді. Жалдамалы пәтер 29 жасқа дейінгі жастарға Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында беріледі.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: 56nv.ru
Қосылған күні: 01 қараша, 09:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.