Қазақстанда 12 жылдық білім жүйесі қашан енгізіледі?

Қазақстанда 12 жылдық білім жүйесі қашан енгізіледі?
Фото: massaget.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда 12 жылдық білім жүйесі қашан енгізілетінін хабарлады.

"Бізде 11 жылдық білім беру жүйесі қазір де-факто және де-юре қалпында. Жаңартылған бағдарлама 2015 жылы бекітілген, олар 11 жылдық жүйеге негізделген. Қазір бағдарлама жаңартылып жатыр. Сыныптардың 95%-і ауысты. Бұл процесс келесі жылы толық аяқталады", - деді Аймағамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің Үкімет сағаты отырысында.

"Егер біз қазір 12 сыныптық жүйені еш дайындықсыз қабылдасақ, үлкен проблемаға душар боламыз: мектептердің инфрақұрылымына, педагогтарды дайындауға, жаңа кітаптар шығаруға салмақ болады. Ұлт жоспарында жазылғандай, 12 жылдық жүйе барлық сынып жаңа бағдарламаға ауысқаннан кейін енгізіледі. Оған барынша тиянақты ауысу керек. Бала 1-сыныпқа барғанда 12 жыл оқитынын білуі тиіс. Бұл жүйе шамамен 2021 жылға қарай қабылданады", - деді министр. 

Massaget