Máńgilik El Daýysy. Raim & Artur және Ерке Есмаханмен бірге ән шырқа

Máńgilik El Daýysy. Raim & Artur және Ерке Есмаханмен бірге ән шырқа
Фото: tengrinews.kz

Тыңдарман мен өнерпазды біршама жақындата түсетін тұңғыш Máńgilik El Daýysy ұлттық жобасы Нұр-Сұлтан қаласында 9 қараша күні басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сахнада Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Мадина Сәдуақасова, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді. Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Máńgilik El Daýysy жобасы барысында тыңдармандар қазақ эстрадасының әншілерімен бірге сүйікті әндерін шырқай алады. Әндердің сөзі арнайы экраннан көрсетіледі. Тыңдарман шоудың толыққанды қатысушысы бола алады.

Шара 9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Qazaqstan Орталық концерт залында сағат 19:00-де басталады. 

Билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Massaget