Нұр-Сұлтан қоғамдық көліктерінде жолақыны банк картасымен төлеуге болады

Нұр-Сұлтан қоғамдық көліктерінде жолақыны банк картасымен төлеуге болады
Фото: Astana LRT

Astana LRT қоғамдық көліктердегі жолақыны Visa банк карталары арқылы төлеу мүмкіндігін енгізді.

"Біз №20 автобусқа жолақыны Visa банк карталары арқылы төлеу мүмкіндігін енгіздік. Бұл астаналық қоғамдық көліктің тұрақты пайдаланушылары үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан өңірлерінен және шетелден келген қонақтар үшін де қолайлы, өйткені көлік картасын сатып алу қажеттігі болмайды. Туристер халықаралық карталардың көмегімен төлей алады", - делінген компанияның facebook-тегі парақшасында.

Бұл жоба әзірге тест режимде №20 автобустарға ғана енгізілген.

"Банк картасымен төлегенде жолақы құны өзгермейді – 90 теңге. Комиссия алынбайды. Алайда Visa картасын пайдаланушылар үшін акция басталды. Банк картасымен төлеген жағдайда бір сапардың құны небәрі 45 теңге болмақ", - дейді Astana LRT.

Massaget