Жайық жағасынан алып сүйек табылды

Жайық жағасынан алып сүйек табылды
Фото: https://jasqazaq.kz

Атырау облысына қарасты Индер ауданынан ірі көлемді жануар сүйегі табылды. Ақпаратты Индер аудандық "Дендер" газеті хабарлады.

Өңірлік баспасөздің хабарлауынша, суреттегі сүйекті Досбол Байғалиев есімді Есбол ауылының тұрғыны Жайық өзенінің жағасынан тауып алған. Сүйектің таза салмағы 26 кг, ұзындығы 1 м шамасында.

Табылған сүйекке толық сараптама жасалмағандықтан, әзірге сүйектің қандай жануарға тиесілі екені белгісіз. Ал ауыл тұрғындары, бұл мамонт сүйегі деп болжап отыр. Себебі, осы уақытқа дейін Индер, Махамбет аудандарынан мамонт сүйектері табылған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Торғайдан мамонт сүйегі табылғанын хабарлаған едік. Бұл жайлы "Біліп жүріңіз" бағдарламасынан көре аласыз.

А. Қажиев