Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады

Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін;
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Massaget