Волонтер студенттерге ақшалай сыйақы беріледі

Волонтер студенттерге ақшалай сыйақы беріледі

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық пайдалы жұмыстары үшін академиялық кредиттерді қайта есепке ала алады.

Студенттер волонтерлер ретінде балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске қосу 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарланған, ал оның тақырыптық модулі «Qazvolunteer.kz» волонтерлердің бірыңғай интернет тұғырнамасында орналасады.

Күндіз оқитын студенттерге әлеуметтік студенттік кредиттің екі түрі беріледі:

1. 20 сағат қызметі үшін 20 мың теңге кредит;
2. 50 сағат қызметі үшін 50 мың теңге кредит.

«Qazvolunteer.kz» интернет тұғырнамасына кез келген қалаушы онлайн тіркеле алады және волонтерлік қызметке қосыла алады. Қазір оған 1400 волонтер, 60-тан аса волонтерлік ұйым тіркелген.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?