Нұрсұлтан Назарбаев 2049 жылы ашылатын хат қалдырды

Нұрсұлтан Назарбаев 2049 жылы ашылатын хат қалдырды
Фото: tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ұрпаққа үндеу жасап, Алматыдағы ҚБТУ ғимаратының алдындағы аллеяда "уақыт капсуласын" орнатты. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті іс-шара барасында бұл үндеудің қазақстандықтардың болашақ ұрпағына маңызын атап өтті.

"Уақыт капсуласында" заманауи сарында жасалған ұлттық ою-өрнектерді байқауға болады. Сондай-ақ, оның петроглифтерге ұқсас екені байқалады.

Композицияда мына жазбалар көрсетілген:

Qazaqstan Respýblikasynyń
Tuńǵysh Prezıdentі – Elbasy N.Á. Nazarbaevtyń
keleshek urpaqqa arnaǵan ýaqyt kapsýlasy
Qoıylǵan kúnі - 21.06.2019 j.
Ashylatyn kúnі - 22.06.2049 j.
 

Massaget.kz