Жастар жылының логотипі бекітілді

Жастар жылының логотипі бекітілді

2019 жыл - Жастар жылы. Бүгін осыған орай ресми іс-шара өтеді. Сондай-ақ күні кеше Жастар жылының логотипі бекітілді.

Логотипте жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі - үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу барысында әрбір құстың қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады, осының арқасында құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады.

Бірлескен табысты ұшудың негізгі ережесі – топ пен барлық еңбектің нәтижесін қатамасын ететін адал қарым-қатынастар.

Аталған бастама жастардың өзара іс-қимылын көрсетудің ең жақсы тәсілі болып табылады. Тырналар мәңгілік жастық,  бақыт пен сәттілікті бейнелейді. Жастар саясатындағы негізгі жетістіктерге  бірлескен күш-жігерлер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізілді.

Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға сары түс - позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс- кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс – тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы болып табылады, - деп хабарлайды ҚР қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары,  жергілікті атқарушы органдар  басшылары,  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметкерлер және т.б. қатысады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Ашаршылық тақырыбындағы "Ұлы дала зары" фильмі жарыққа шықты
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Болашақта қай мамандықтарды робот алмастыруы мүмкін?
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Алматыда саяси репрессияға қарсы митинг өтіп жатыр
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасының емтиханы қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды