Бүгін Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтеді

Бүгін Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтеді
Фото: tengrinews.kz

19 шілдеде қайтыс болған Денис Тенмен қоштасу рәсімі Астанада "Барыс Арена" стадионында өтеді.

"21 шілдеде сағат 9.00-де "Барыс Арена" стадионында Денис Тенмен қоштасу рәсімі басталады. Барлығы Астана қаласы әкімдігі мен Ұлттық олимпиада комитетімен мақұлданған", - деп хабарлады Astana Venue Management компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ержан Едгебаев. Оның айтуынша, қазақстандық спортшымен қоштасқысы келетін барлық тұрғынға "Барыс Арена" есігі ашық.

Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасу бүгін, 21 шілдеде, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді.

Еске сала кетейік, Денис Тен 19 шілдеде қайтыс болды. Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер спортшы өмірімен бірнеше сағат арпалысты, бірақ амал не, өмірін сақтап қала алмады.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

А. Жапатова