Qazcom мен Halyk bank бірігеді

Qazcom мен Halyk bank бірігеді
Фото: dialog.kz

«Қазкоммерцбанк» АҚ «Қазақстанның халық банкіне» АҚ қосылуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazkom-ның баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Халық банктің директорлар кеңесі Qazkom-ды қосу арқылы қос банктің бірігу жобасын мақұлдағанын хабарлады. Халық банк пен Qazkom-ның қосылуы барлық процедуралар жүргізілгеннен кейін және бақылаушы тараптың келісімі алынғаннан кейін кезең-кезеңімен іске асырылмақ.

Халық банкі басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметованың пікірінше,  бес айдың ішінде халықаралық консультанттармен жүргізілген табысты жұмыстың нәтижесінде, бұл мәміленің Қазақстанға да, іргелес жатқан елдердің экономикасына да ықпалы  орасан зор.

«Қос банктің бірігуі - қаржы тобының одан әрі дамуы үшін тиімді болмақ. Жаңа стратегияның мақсаты - қос банктің ұтымды тұстарын біріктіру», - деп атап өтті Үміт Шаяхметова. 

Ж. Жұмағұлов