"Әлем аруы – 2017" анықталды

"Әлем аруы – 2017" анықталды
Фото: twitter.com

Оңтүстікафрикалық Деми-Ли Нел-Питерс (Demi-Leigh Nel-Peters) "Әлемі аруы – 2017" атанды. Бұл жаңалық байқаудың twitter желісіндегі парақшасында жарияланды. 

Байқаудың финалдық кезеңі Лас-Вегас қаласындағы Planet Hollywood Resort & Casino отелінде өтті. Оңтүстікафрикалық Деми-Ли Нел-Питерс 22 жаста. Жеңімпазға тәжді былтырғы жеңімпаз француз аруы Ирис Миттенар табыстады.


Айта кетейік, ақ алтыннан әзірленген, гауһар тастармен көмкерілген тәж үшін 89 елдің арулары бақ сынады. Жүлделі екінші орынды Колумбия аруы, ал, үшінші орынды Ямайка аруы алды. 

Ж. Жұмағұлов