Facebook YouTube-қа бәсекелес болады

Facebook YouTube-қа бәсекелес болады
Фото: iz.ru

Facebook компаниясы видео түсіру және редакциялау қосымшасын шығарды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол YouTube-қа бәсекелес ретінде қарастырылады.

Facebook видеоблог үшін Facebook Creator қосымшасын ұсынды. Бұл туралы компания басшылығы ресми блогында хабарлады. 

Қосымшаға видеоны өңдеп, рамкалар (жақтау) мен жапсырмаларды (стикер) қосуға болады. Бұдан басқа, фэйсбуктағы Creator-да сіз басқа әлеуметтік желілердегі видеолао туралы жазылған пікірлерді көріп, оларды сол жерден жүктеп салуға болады. 

Сарапшылардың пікірінше, Facebook басшылығы YouTube-тан видеоблогерлерді тартуға үмітті. Негізгі дәлелдердің бірі монетизацияның ыңғайлы жүйесі болып саналады. Қазіргі уақытта қосымша App Store дүкенінде ғана қол жетімді. Google Play-де жақын аралықта пайда болады деп күтілуде.

Ж. Жұмағұлов