Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөз Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында жарық көрді.

Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі. Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалады. Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл – еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі. Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын!

Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Ораза айт қабыл болсын!

Г. Берік