- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әйелдер қауымына арналған...
Әйелдер қауымына арналған бағдарламалар – 31 арнада
31 арнаның биылғы көктемі ауқымды тұсаукесерлермен басталды және көрермендерді қуантуға, танымдық ақпараттар беріп, жақсы көңіл күй сыйлауға уәде етеді. 31 арнадағы негізгі көктемгі бастамалар жайында арнаның Бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова сөз етті.
31 арнаның көрермендері көктемді 2016 жылдың ең үздік телехикаясы деп мойындалған түріктің әйгілі «Өшпес махаббат» телехикаясымен бастайды (дүйсенбі – жұма күндері, 21.00). 13 наурыздан бастап дүйсенбі мен бейсенбі күндері арасында 14.00-де «Все только начинается» деп аталатын жаңа әйелдер шоуы басталды. Жүргізушісі – Адель Оразалинова. Бағдарламаның негізгі мақсаты – әйелдерге кез келген бастамада жәрдемдесу, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап беру.
Сонымен бірге, ақпан айынан бастап, Анна Данченко жүргізетін «Айта берсін» жобасының үшінші маусымы басталды (әр сенбіде, 21.00-де). Бағдарлама қазақстандық эстрада жұлдыздарының өмірі мен өнері жайындағы эксклюзивті мәліметтерден тұрады. Сонымен бірге, «Әзіл студио» әзіл-сықақ жобасының 20 эпизоды түсіріліп жатыр. Бұл жолы оның актерлері мен режиссері жаңа. Бұл – күнделікті өмірден алынған күлкілі, шым-шытырық оқиғалардан құралған жоба.
- 31 арна «Званый ужин» пилоттық жобасын эфирге шығаруға дайындалып жатыр. Біз оны көрермендерге ыңғайлап, «Кім күшті» деп атадық. Қатысушы таңдау байқауында біз, негізінен, үміткердің тамақ дайындау қабілетіне ғана емес, сонымен бірге логикалық ойлау, зияткерлік қасиеттеріне, қонақ күту, дастарқан жаю қабілеттеріне де баса назар аудардық, - дейді Нұржан Мұхамеджанова.
31 арнаның Бас продюсерінің айтуынша, мамыр айында әйлігі «Келіндер бәйгесі» бағдарламасының үшінші маусымы эфирге жол тартады. Түсірілім ақпан айында басталып кеткен. Бұл жолы жоба жасаушылар Қазақстанның Түркістан, Қызылорда, Талдықорған, және еліміздің Қытаймен шекарадағы аудардарында тұратын қалыңдықтарға баса назар аударған. Жаңа шығарылымдардан 31 арнаның көрермендері еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс амақтарында ұстанатын салт-дәстүрлерге қанығып, Қытайда тұратын қандастарымыздың той ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысады.