Баршаңызға рақмет

Баршаңызға рақмет
Фото: Күлтегін Аспанұлы

Бүгін Қазақстан халқы Алғыс айту күнін тойлап жатыр. Барлық этностың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Елбасы бұл күн туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел − бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Елбасы халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды. Ол отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын айтып берген еді. 

Олай болса, ел арасындағы бірлік, халықтың Отанға деген махаббаты асқақ болсын деген ниетпен Массагет ұжымы Ұлы дала еліне, ұрпағына алғыс айтады. Оқырмандарға ерекше рақмет!

Г. Берік