Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде республикалық семинар өтеді

Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде республикалық семинар өтеді
Фото: infourok.ru

22 ақпан [22.02.2017] Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде Республика көлемінде «Білім беру мазмұнын жаңартуда Ұлттық инновациялық мектеп моделін құру» атты оқыту, тәжірибе алмасу семинары өткізіледі. Жаңа «Метасызба» әдісіне негізінде оқытудың тың стратегиясы таныстырылып, лицей оқушыларының ғылыми жетістіктері практикалық көрмесі ұсынылатын болады. 

Бүгінгі күннің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен танымдық психологиясы адамның өз қолымен жасағанын есте сақтайтындығын, практикалық әрекеттер арқылы үйренетіндігін дәлелдеді. Лицей тәжірибесіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін (7 модульді) бір-бірімен ықпалдастыра отырып сабақ беру және оқу материалдарын меңгеру сапасын анықтау үшін критериалды бағалау жүргізу енгізіліп отыр. Сонымен қатар білім алушылардың біліктілік дағдысын, ойлау жүйесін дамыту үшін оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері мен метепәнді сабақтастыра қолдану мақсат етілді. Метапән – стандарттық білім мазмұнымен ғана шектелмей, әр пән сабақтарының ғылыми мазмұнын жүйелеп, талдап, анализдеп, зерттеу жүргізіп, өзіндік ой тұжырым жасауына және өзіндік іс-әрекетінің қалыптасуына, шығармашыл дамуына негіз болатын инновациялық әдіс. 

Осы мерзімде жүргізілетін барлық жұмыс теледидар мен басқа да БАҚ арқылы беріледі. Шараның негізгі мақсаттарының бірі – отандық білім беру тәжірибесін жетілдіре отырып, ұлттық педагогиканы инновациялық мүмкіндіктермен дамытуға күш салу мүмкіндіктерін қарастыру және лицейдің ғылыми жобалар көрмесін таныстыру. 

Алматы қалалық Махатма Ганди атындағы 
№92 мамандандырылған лицейдің 
Баспасөз бөлімі

Ж. Жұмағұлов