Доллар 400 теңгеге дейін өсуі мүмкін

Доллар 400 теңгеге дейін өсуі мүмкін
Фото: vlast.kz

Кеше АҚШ-тың ФедРезерві (Орталық Банк) долларға қатысты пайыздық мөлшерлемені 0,5%-дан 0,75%-ға көтеру мәселесін талқылады. Сарапшылар мөлшерлеменің көтерілуіне 100% сеніммен қарап отыр. Оған мұнай баррелінің қымбаттауы да түрткі болған. Бұл АҚШ долларын мүмкін болған инфляциядан аман алып қалып, нарықтағы қаржы айналымын бәсеңдетеді. Америкалық валюта қолжетімді болмаған соң, нарықта оған деген дефицит белең алып, ұлттық валюталардың (теңгенің) құлдырауына алып келеді.

Басқаша айтқанда, артериядағы тромбоциттер мөлшері азайып, жылдамдығы да бәсеңдейді. Дене температурасы төмендейді, белсенді қимыл азаяды. Ол АҚШ-ты инфляциядан сақтаса, теңгені жаңа тұрақсыздыққа жетелейді.

Мүхиттың арғы жағындағы АҚШ финрегюлаторының ішкі мәселесіне қатысты шешімі теңгеге неге әсер етеді дейтіндерге түсіндіріп өтейік (Теңгенің құлдырауына үкіметті айыпты ете беруді доғару керек). Оған көбіне сыртқы факторлар әсер етеді. Біз өзге елдермен өте белсенді түрде бір тарапты тауар алмасу, капитал енгізу үдерістерін жүргіземіз. Ал мұның бәрі экспорт және ішкі нарыққа келетін сыртқы инвестиция болғасын, есеп айырысу АҚШ долларымен жүзеге асырылады. Бұл теңгеге деген сұранысты төмендетеді. Валюта бағамына импорт та айтарлықтай үлкен көлемде әсер етеді. Себебі импорт, біріншіден, елден капиталдың шығуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, ішкі нарықтағы бағаның жиі өзгеруіне негіз болады.

USD/KZT валюта жұбының бағамы қалай белгіленеді? Ол АҚШ-тағы сұранысқа ие тауарлардың біздің елдегі дәл сол тауарлар бағасына қатысты коэфициентімен анықталады. Сосын инфляция мен баяу экономикалық өсім кертертпа регресспен қамтамасыз етеді. АҚШ валютасы қаңтар айынан бастап 1,6 пайызға құлдыраса, теңге орта есеппен 17 пайыз құнын жоғалтқан. Сосын АҚШ экономикалық өсімі 2,2%, ал Қазақстанда 0,4%-ды құрап отыр. Осы сандар қай валютаның тұрақты өсіп отыратын анық көрсетеді.

Теңге құнының 1/7 бөлігін жоғалтқанымен, Ұлттық Банк интервенция жасау арқылы валюта бағамын сол күйінде ұстап қалуы мүмкін. Солай болса, әрине, жөн болар еді, дейміз. Бірақ 2009 жылы АҚШ доллары құнының 120 теңгеден 150-ге, 2014 жылы 150-ден 180-ге, 2015 жылы 180-нен 330-ға құлдырауы дәл осындай интервенциялардың салдарынан болып отыр. Тағы бір жылдай темп жинап алып, келесі жылы 330-дан 400-ге секіруіміз бек мүмкін.

Валюта нарығын техникалық анализ жасайтын болсақ, АҚШ экономикасының бәсеңдегенін байқаймыз. Ол көбіне АҚШ валютасы инфляциясы көтерілгенін білдіреді. ФедРезерв валюта құнын өз деңгейінде ұстап қалу үшін 2018 жылға дейін пайыздық мөлшерлемесін 3%-ға дейін көтереді, деген болжам бар. Салыстырыңыз, қазір 0,5%, небәрі екі жылда 6 есе көтеру керек болады. Бұл теңгенің алты рет реанимацияға түсетінін көрсетеді.

Автор: Жолдас Өрісбаев

Е. Жұмабайұлы