Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: massagetkz

2016 жылдың 21-23 мамырында елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.

"Қазақстанға келген антициклон оңтүстік облыстардағы жаңбырдың қысқа мерзімге тоқтауына себеп болды. Алматы облысы үшін бұл өте маңызды болып тұр. Бұл аймақтарда демалыс күндері жауын-шашынсыз, нағыз жаздың жайдары ауа райы күтіледі", − деді метеорологтар.

Мұндай ауа райы еліміздің басқа да өңірлерінде сақталады. "Ерекше ауа райы тек батыс облыстарда ғана болады. Бұл аймақтар циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Сол себептен кейбір жерлерде қысқа, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Бұл облыстардың көп бөлігінде 21 мамырға дейін жаңбыр сақталады. Кей жерлерде жаңбыр өте қатты жауатын болады", − делінген хабарламада.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін