- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық валютаның долларға...
Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы аздап түсті
Фото:
kazfin.info
9 ақпанда KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 360,39 теңгеге тең болды. Бұл кешегі сессияға қарағанда бір теңгеге жоғары.
Таңғы саудада алғашқы келісім 359,5 теңгемен жасалды. Валютаның ең төменгі құны − 359,2 теңге, жоғарысы 365 теңге болды. Сессияда сауда көлемі 46,5 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 359-363 теңге аралығында саудалап жатыр.
Айта кетейік, 8 ақпанда мұнай арзандай бастаған еді. Кешегі саудада Brent маркалы мұнайдың баррель құны 33,31 доллар болса, WTI мұнайының баррелі 29,99 долларға дейін түсті.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін