- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар бағамы 339...
Доллар бағамы 339 теңге деңгейінде сақталды
Фото:
www.wsj.com
KASE қор биржасының 30 желтоқсандағы таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 339,47 теңге көрсеткішінде тұр. Бұл 29 желтоқсанның күндізгі сессиясының қорытындысындағы межеден 30 тиынға көп. Америкалық валюта 24 желтоқсаннан бері нығайып келеді. Сол кезде доллардың құны 325,8 теңге еді.
Сауда 340 теңгемен басталды, ал минималдық баға 337,81 теңге болып тіркелді. Максималдық көрсеткіш − 341 теңге. Сауданың жалпы көлемі 160,45 миллион доллар. Жалпы 22 қатысушы болды. Қазақстанның айырбас пунктерінде, Kurs.kz мәліметінше, доллар 337-341 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, кеше күндізгі сессияның қорытындысында доллар бағамы 340 теңге көрсеткішіне жақындаған еді.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін