Доллар бағамы 4 теңгеге көтерілді

Доллар бағамы 4 теңгеге көтерілді
Фото: focus.ua

KASE қор биржасының 29 желтоқсандағы таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 4 теңгеге көтерілді.

Америкалық валютаның орташа есептелген бағамы 337,66 теңге болды. Сауда 333,05 теңгемен басталды. Ол миималдық баға болып тіркелді. Ал максималдық көрсеткіш − 338,8 теңге. Сауданың жалпы көлемі 249 миллион доллар. Жалпы 23 қатысушы болды. Қазақстанның айырбас пункттерінде, Kurs.kz мәліметінше, доллар 336,5-339 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін