- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық банк валюта...
Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуал жайлы пікір білдірді
ҚР Ұлттық банкі желтоқсан айының валюта нарығындағы ахуал жайлы түсінік берді.
Ұлттық банктің сайтында теңгенің айырбастау бағамының негізінен әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен және ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныспен айқындалатын факторлардың әсерімен қалыптасатыны айтылады.
"Мұнай бағасының 2014-2015 жылдары төмендеуі төлем балансының және тиісінше ішкі валюта нарығындағы баланстың айтарлықтай нашарлауына әкеп соқты. 2015 жылғы желтоқсанның басынан бері Brent маркалы мұнай бағасының бір баррель үшін 44,4 доллардан 37,8 долларға дейін немесе 15 пайызға құлдырауы айырбастау бағамына қосымша қысымның түсуіне әкелді", − делінген хабарламада.
Ұлттық Банк теңге бағамының қысқамерзімді ауытқуын реттеу мақсатында ішкі валюта нарығына қатысады, бірақ бұл ретте шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын айқындайтын іргелі факторлардың әсеріне кедергі келтірмейді.
Айта кетейік, 14 желтоқсаннан бері доллар айырбастау пункттерінде 340 теңгеден сатылып жатыр.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін