- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар бағамы 312...
Доллар бағамы 312 теңгеге жетіп қалды
Фото:
business.ua
KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 311,92 теңге болды. Шетел валютасы осымен үшінші күн тарихи антирекорд деңгейіне жақындап келеді, ол 312,65 теңге болатын. Валюта бағамы 307 теңгеден бірінші рет 8 желтоқсанда 308,19 теңгеге көтерілді.
11 желтоқсан күні таңертең жасалған бірінші келісім 310,8 теңгемен өтті. Бұл ең төменгі баға, ал ең жоғары баға − 312,99 теңге. Сауданың жалпы көлемі 138,2 миллион долларға тең болды. Саудаға валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, қазақстандық ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 311-314 теңгеге бағаланды.
Дереккөз: tengrinews.kz
С. Ерсін