Джомолунгма шыңында мұздықтар қарқынды еріп жатыр

Джомолунгма шыңында мұздықтар қарқынды еріп жатыр
Фото: fishki.net

Джомолунгма ауданында мұздық алаңы 40 жылда шамамен 30 пайызға қысқарды, бұл жаһандық жылынуға себеп болып отыр. 

Әлемнің биік тауларындағы климаттың өзгерістері туралы бағалау баяндамасында қытай ғалымдары осындай деректерді келтірді, − деп хабарлайды Синьхуа.

Жоба басшысы, Мемлекеттік криосфера туралы ғылым зертханасының бастығы Кан Шичан мәлім еткендей, жаһандық жылыну Гималай  мұздық жамылғысының қысқаруына әкелуде. Қытай аумағындағы Джомолунгмда мұздық алаңы өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап 28 пайызға қысқарды. Бұл үдеріс Непал аумағындағы Джомолунгманың оңтүстік беткейінде де тіркелді. Ол жерде мұздың қалыңдығы 80 жылдардан бері 26 пайызға кеміген.

Қытай ғалымдарының пікірінше, мұздықтардың жылдам қарқынмен еруі Тибет таулы өлкесінен бастау алатын өзендер ағынының ұлғаюына себеп  болуда. Ол, сондай-ақ, мұзды көлдер алаңы мен санының артуына соқтырады.

Дереккөз: inform.kz 

С. Ерсін