- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар бағамы 308...
Доллар бағамы 308 теңгеден асты
KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 308,19 теңгеге тең болды.
Күндізгі сауданың көлемі 63,5 миллион долларға жетті. Ең төменгі баға − 308,5 теңге, ең жоғарғы баға − 308,35. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Таңғы сессияда доллар бағамы 307,87 теңге болған еді. Жалпы, доллар 19 қарашадан бері 307 теңгеге бағаланып келді. Kurs.kz порталының мәліметтеріне қарағанда, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 308-309 теңгеге сатып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ақордадағы отырыста теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге уәде берді. "Қазіргі уақытта биржада тұрған бағам Ұлттық банктің қатысуынсыз құрылып жатыр. (...) Айырбас бағамының қазіргі деңгейі қазіргі таңда қалыптасқан сыртқы факторларға, қазіргі мұнай бағасына, ресейлік рубль бағамына, Ресей және Қытай экономикасына сәйкес. Қазіргі уақытта теңгенің ресейлік рубльге деген паритетіне қол жеткіздік. (...) Алдағы уақытта бағамның өзгеруі ықтималдығы аз. Жағымсыз сценарий жүзеге асып қойды. Мұнай бағасы екі есе құлады, рубль құлдырады. Таяу арада сыртқы конъюктураның айтарлықтай нашарлауы ықтималдығы аз", − деді Ақышев.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін