Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Іс-шараға Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин қатысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздердің жемісті болғанын, сондай-ақ қол қойылған құжаттардың маңыздылығын атап өтті. Шара барысында тараптар ЕАЭО жұмысының қорытындысын шығарып, дамудың жаңа перспективаларын белгіледі.

Одақ қызметінің мәселелері талқыланды, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы құрамының саны бекітіліп, оның Жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді. Сонымен бірге ЕЭК-тің келесі жылғы басшысының кандидатурасы келісілді. Жаңа мүшелер қабылдау және ЕАЭО-дағы мүшелікті доғару тәртібі қабылданды.  

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жұмысын үйлестіру жөніндегі іс-қимылдарға арнайы тоқталды. Мемлекеттер басшылары Одақтың үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібін талқылады. Мәселен, Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісім жасауға қатысты келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.Еліміздің ДСҰ-ға кіруіне байланысты негізгі жайттар Қазақстан тарапының бастамасымен қарастырылды.

Сонымен қатар қызмет көрсету секторларының тізбесі бекітілді, осыған орай ЕАЭО аясында қызмет көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру ырықтандыру жоспарына сәйкес жүргізілетін болады. Соңында шараға қатысушылар күн тәртібі мазмұнды, атқарылған жұмыс тиімді болғанын атап өтті. Кеңестің келесі жоспарлы отырысы биылғы желтоқсанда Мәскеуде өтеді.


Дереккөз: 24.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?