Ақорда Назарбаевтың үш ғарышкермен түскен тарихи суретін жариялады

Ақорда Назарбаевтың үш ғарышкермен түскен тарихи суретін жариялады
Фото: tn.kz

Ақордада қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовті марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оған "Халық қаһарманы" атағы берілді.

Қазақстан Президенті бір ай бұрын қазақстандық ғарышкердің халықаралық экипаждың құрамында ғарыш станциясына 10 күндік сапармен барып қайтқанын айтты.

"Айдын Айымбетов тәуелсіз Қазақстанның үшінші ғарышкері атанды. Мен халқымызды еліміздің жаңа шыңды бағындыруымен құттықтадым. Осы тарихи оқиғаға өзінің кәсіби үлесін қосқандарды шын жүректен құттықтағым келеді. Ресейлік серіктестерімізге, жетекшілерге, сонымен қатар экспедицияға қатысқан шетелдік қатысушыларға ерекше алғыс айтамын", - деді Мемлекет басшысы.

Назарбаев ғарышты бағындыру адамзаттың ең асқақ армандарының бірі болғанын айтты. "Бүгінгі кезде бұл жер бетіндегілер үшін ең үлкен мақсат. Біз, қазақстандықтар алпыс жыл бойы елімізде Байқоңыр ғарыш айлағының болғанын мақтан тұтамыз. Осында, Қазақстаннан Жер ғарышкерлерді шығарып салады. Қиын экспедициялардан кейін ғарышкерлерді осында қарсы алады. Жарты ғасырда ғарышта 38 елден 545 ғарышкер болыпты. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Айымбетовтің сәтті сапары еліміз үшін ғарыш шежіресінде жаңа парақтарды ашты", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы республикасыздың үш немесе одан да көп ғарышкері ғарышты бағындырған тоғыз елдің ішіне кіретінін айтты.

"Басқа елдермен бірге Күн жүйесін зерттеу Қазақстанның болашағы үшін жаңа бастама. Еліміздің үшінші қаһарманы Айдын Айымбетов болды. Сондықтан да мен оған "Халық қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", сонымен қатар Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін тапсыру туралы жарлыққа қол қойдым. Бұл Қазақстан халқының атынан жасаған ерлігі үшін берілетін ең үлкен мемлекеттік марапат", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жаңа Халық қаһарматы Айымбетовтің еліміздің басқа ғарышкер-батырларымен бір қатарда тұратынын айтып өтті.

"Біздің бірінші ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтің 24 жыл бұрынғы ғарышқа алғашқы сапары тәуелсіз Қазақстан үшін үлкен жаңалықтардың бірі болды. Екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев үш ғарыш экспедициясына қатысып, 341 тәулікті ғарышта өткізді. Ол ашық ғарышқа сегіз рет шыққан алғашқы қазақ ғарышкер болды. Талғат Мұсабаев - Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығының символы", - деді Мемлекет басшысы.

М. Бисембаева