Елордада студенттік жасақтар жұмыс істеп жатыр

Елордада студенттік жасақтар жұмыс істеп жатыр
Фото: astana.gov.kz

Жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында наурыз айынан бастап Астана қаласында студенттік жасақтар жұмыс істеп жатыр, – деп жазады astana.gov.kz.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша, аталмыш жасақтардың көмегімен он бес рейд өткізіліп, үш жүзден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Бүгінгі таңда студенттік жасақтар құрамында 250 адам бар. Жастар елорда тұрғындары арасында ҚР заңнамасы мен құқық бұзушылықты болдырмау туралы ақпараттық насихат жүргізіп жатыр.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы Астана қаласы ІІД бірігіп, бұл бағыттағы жұмыстарды одан ары дамыту мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы ЕМУ студенттерімен кездесулер өткізді. Бұл шара студенттік жасақтар жұмыстарын насихаттауға бағытталған.

 

М. Бисембаева