Кәрім Мәсімов Порошенкомен кездесті

Кәрім Мәсімов Порошенкомен кездесті
Фото: st.tengrinews.kz

8 қазанда Астанада Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Украина президенті Петр Порошенкомен кездесті, ол Қазақстанға ресми іссапармен келген болатын. Бұл туралы республика премьер-министрінің сайтында хабарланды.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелерінің, оның ішінде сауда-экономикалық саланың, отын-энергетикалық және агроөндіріс кешендері туралы мәселенің талқыланғаны айтылады. 

Украина Президенті Қазақстанға ресми іссапармен келді. Еске салайық, 9 қазанда Порошенко мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездеседі деп күтіліп отыр. Ақорданың мәліметінше, президенттер екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы