Елімізде алдағы апта қар жауады

Елімізде алдағы апта қар жауады
Фото: media.nn.ru, lh3.googleusercontent.com.

Қазақстан аумағында демалыс күндері күн райы күрт суытады, кей облыстарда жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады, тұман түседі және ауа температурасы көп жылғы орташа мәннен төмен болады деп күтілуде.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік өңірлерде дүйсенбі күні түнде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Күн райының бұзылуына Солтүстік Уралдан Қазақстанның оңтүстік-шығысына қарай ығысатын суық арктикалық ауа ағымдары ықпалын тигізеді.

Еліміздің батыс өңірлерінде күн жылы, тіпті кей жерлерде ыстық болады деп күтілуде.  

Дереккөз: Вaq.kz

Е. Жұмабайұлы