Қыркүйек Қазақстанда жылы болады

Қыркүйек Қазақстанда жылы болады
Фото: tn.kz

Қазақстанда қыркүйек айы жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасының орташа мәні нормаға сай болады, ал қалған өңірде 1 градусқа жоғарылайды деген болжам бар. 

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облысының басым аумағында, Қостанайдың кей жерлері мен Шығыс Қазақстан және Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашынның түсу мөлшері нормаға сәйкес болып, қалған аймақтарда нормадан төмен болады деген болжам жасалып отыр. 

М. Бисембаева