Ғарышкер Айдын Айымбетов ұшуға дайын екендігі жайлы есеп берді

Ғарышкер Айдын Айымбетов ұшуға дайын екендігі жайлы есеп берді
Фото: tn.kz

2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 10:34-те Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесімен ұшады. Экипаж құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар. Tengrinews.tv тілшісінің мәліметінше, ұшуға бірнеше сағат қалғанда экипаж Росғарыш басшысы Игорь Комаровқа ұшуға дайын екендігі жайлы есеп берді


Айдын Айымбетов, Сергей Волков және Андреас Могенсен. © ria.ru

Осыған дейін Айдын Айымбетов, Сергей Волков және Андреас Могенсен "Космонавт" қонақүйінен шығып, "жұлдызды" автобуспен "Энергия" корпорациясының монтаж-сынақ корпусына дейін барды. Онда олар скафандрларын киді. Дайындық жайлы есеп берілгеннен кейін ғарышкерлерді ғарыш кемесіне отыруға әкетті.

© ria.ru

Халықаралық ғарыш станциясына жасалатын жаңа экспедиция атақты "Гагарин стартының" Байқоңырдан жасалғанынан бергі 500-ші ұшу болып саналады. Жоспар боыйнша Могенсон мен Айымбетов Жерге 12 қыркүйекте оралады.

М. Бисембаева