Алматыдағы селдің тікұшақтан түсірілген суреттері жарияланды

Алматыдағы селдің тікұшақтан түсірілген суреттері жарияланды
Фото: Tengrinews.kz

Әкім Ахметжан Есімовтің Алматыдағы селдің тікұшақпен аралауынан түсірілген видео мен суреттеріжария болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода бұзылмаған су бөгеті көрінеді. Ал елді мекенді су басқан. Соңғы мәлімет бойынша, Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қарағайлы және Таусамалы ықшамдаудандарының аумақтарын ішінара су басқан. Селден кейін Алматыда 280-нен астам адам эвакуацияланды. Оның барлығы №176 орта мектеп пен Наурызбай әкімдігінің ғимаратына жеткізілді. ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 5571, 28237 әскери бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды. 

Сонымен қатар, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзені су бөгетінің жарылғаны туралы қауесет жалған болып шықты. "Қасселденқорғау" ММ өкілдері бөгеттің зақымданбағаны жайлы мәлімет таратып отыр.


Ф. Абилова